

Жамбыл атындағы облыстық орыс драма театрының ішінен қазақ труппасы «Мәдениетті қолдау жылы» яғни 2000 жылы ашылды. Труппа құрылуының да өзіндік тарихы бар, облыс көлемінде байқау жарияланып, нағыз өз ісінің шеберлері өнер тарландарының басын қосқан еді.
Бүгінде осы театрдан қанаттанған бірнеше актерлеріміз республикалық дәрежеде өнер көрсетіп жүр. Біз оларды мақтан етеміз.
Осы кезеңдерде театрға Владимир Михайлович Аленчук, Рүстем Оразбайұлы Есдәулетов, Сахан Долдиұлы Әкелеев, Руслан Қайрбекұлы Қайырсынов сынды азаматтар басшылық қызмет атқарды.
Жамбыл атындағы облыстық драма театры, 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры болып қайта құрылды, осы уақыттан бастап театр директоры - ҚР «Мәдениет қайраткері» Ұябай Дынмухамет Мамырқанұлы. Көркемдік жетекші қызметіне - Акелеев Сахан Долдиұлы бекіді.
Он бес жыл қаламыздағы тарихи маңызы жоғары ғимаратта тер төккен театр ұжымы, аңсаған армандарына жетіп - жаңа заманауи еңселі, ерекше театр есігін 2015 жылдың жетінші сәуірі күні, Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев театрдың ашылу салтанатына арнайы қатысып, театр ұжымына жаңа ғимаратта шығармашылық табыстар тіледі. Театр тарихына алтын әріппен жазылар осы бір мерейлі сәтке облыс жұртшылығы куә болды. Біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.
Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын аяқтаған тоғыз кәсіби актерлермен толықты. Бұл жастар өнер ордаларын жаңа бітіріп келіп 2015 жылдың тамыз айынан актерлік қызметке кірісті.
Осы жылдар ішінде алпысқа жуық үлкендер мен балаларға арналған қойылымдар сахналанды. Халықаралық, Республикалық деңгейдегі фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Біздің мақсатымыз талмай еңбек етіп, Елбасының саясатын қолдап, жаһандану дәуірінде әлемдік аренадан көріну, киелі сахнамыз тың көріністер мен жаңалықтарға толы болып, жаңа толғаныстар мен игі ізденіспен 30 ең үлкен дамыған елдің қатарына кіру.