2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап елімізде, Абайдың 175 жылдығын мерекелеу басталды. Руханилықты насихаттаудың үлкен ордасы ол – Театр. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» ұжымы 22 қаңтар күні, сағ 17.00-де К. Жұмабектің «Замана неткен тар едің...» атты қойылымын көрерменге тегін сахналады.
Абай мұраларын әлемдік кеңістікке насихаттау мақсатында, өлеңдері мен қара сөздері, әндері топтасқан аталған қойылым – көрерменін сахна саңлақтарымен бірге толқытып, Абай заманына барып қайтқандай әсерде болды.
Қойылымның режиссері:
ҚР«Мәдениет қайраткері» С. Жұмағали