Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театры – 2020 жылды орыс классигі А.П. Чеховтың әңгімелері бойынша «Әңгімелер...» атты қойылымды дайындаумен бастады.
Қойылымды сахналайтын тәжірибе алмасу мақсатында шақырылған режиссер ҚР «Мәдениет қайраткері» Б. Шамбетов. Жас режиссердің бұған дейінгі сахналаған қойылымдары түрлі номинация иегерлері. 2017 жылы Р.Есдәулет атындағы фестивальде М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты қойылымды сахналаған режиссер Б. Шамбетов «Бас жүлдені» иеленген болатын.
Қойылым адам өмірінің қиын да, қызықты кезеңдері, материалдық және рухани құндылықтарды бөліп қарауы, шекпенділерге табынушылар, адамдар арасындағы көре алмаушылық, күншілдікті арқау ететін спектакль – өмірден алынған ащы шындығымен көрерменін бейжай қалдырмайтыны анық.