Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының орыс труппасы В.М.Шукшиннің «Чудаки» спектаклінің премьерасымен кезекті 84-ші театр маусымын ашады.
Жазушы Василий Макарович Шукшиннің шығармашылығы, «ҚР Мәдениет қайраткері», қоюшы-режиссер Олег Маципулоны көркемдік ерекшелігімен, өмір шындығымен, адамгершілік тазалығымен және философиялық тереңдігімен қызықтырды.
– Шукшиннің әңгімелерінің тақырыбы тіпті қазір де, менің ойымша, өзекті болып көрінді, – дейді қоюшы-режиссер.
Сахналау «Крыша над головой», «Космос, нервная система и шмат сала», «Билетик на второй сеанс», «Срезал», «Миль пардон, мадам», «Микроскоп», «Даешь сердце!», «Живет такой парень…» шығармаларына негізделді.
Спектакль барысында ауыл өмірінің шынайы оқиғалары ашылады. Әзіл-оспақ арқылы қарапайым адами қатынастардың мұңы көрсетіледі.
Спектакльге барлық актерлік құрам қатысады.
Спектакльдің қалай болғанын шығысқазақстандық көрермендер 5, 6 қазанда 17.00-де тамашалай алады.