️Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Наурыз мейрамына орай бүлдіршіндер мен жас жеткіншектерге ерекше тосын сый даярлауда!
️Биыл театрдың ең тәтті, ең ақылды көрерменінің назарына заманауи "Мақта қыз" ертегісі ұсынылмақ.
🔹️Баршамызға таныс «Мақта қыз» ертегісінің желісімен сахналанған қойылым. Ертегі ата-әжесінің кішкентай еркесі Мақта қыздың ауылға келуінен басталады. Қала өміріне әбден үйренген ерке қызды ауыл тіршілігі қалай қабылдады? Сөйлей білетін жан-жануарлар өмір сүретін ауылдың құпиясы неде? Көпшіліктің «досына» айналған «смартфонның» әлеуметтік желіден басқа пайдасы бар ма?
Осы және басқа да шытырман оқиғаға толы жас көрермендерге айтары мол ертегіні бірге тамашалайық!
🗓17, 18, 23, 25, 26 наурыз сағат 12:00-де, 22 наурыз сағат 14:00-де
📍Ертегінің алдында Наурыз мерекесіне арналған көрініс көрсетіледі!