Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры

АФИША

ҮМІТ ПЕН ҚАЗЫНА

Халықаралық театр күні қарсаңында Өскеменде құрметті театр сыйлығы табысталды.
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында облыстық мәдениет басқармасының беделді "Маска" сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жылдың басты театр іс-шарасы құрметті қонақтардың, өңірдің мәдени элитасы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің назарын аударды.
Бұл жолы сараптамалық комиссияның төрелігіне 8 спектакль ұсынылды:

оның 4 - і-классикалық пьесалар бойынша сахналанған комедиялар, 2 ертегі, 1 психологиялық драма және 1 қуыршақ қойылымы.
Марапаттарды Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов табыс етті. Ол асыл өнердің қызметкерлеріне көрерменнің өмірін рухани байытып, жақсылық пен әділеттілік мұраттарына бағыттағаны үшін алғыс айтты.
Марапаттардың көпшілігі жылдың үш "фаворитіне" – А.Островскийдің "Волки и овцы" (қоюшы-режиссері Татьяна Баева),

Р. Кунидің "№13" (қоюшы-режиссері Дос Құбаш) және Е. Шварцтың "Аты жоқ спектакль" (қоюшы-режиссері Ақжол Сақанов) қойылымдарына бұйырды.

Бұл қойылымдарда керемет актерлік шеберлік те , қажырлы режиссерлік жұмыс та көрініс тапты.
"Үміт" және "Жас дарын"номинацияларында биыл жаңа есімдер! Алғаш рет бұл марапатқа Райхан Жұмақанова,

Юлия Забавская және Тимур Тұраров лайық болды.
Театр қайраткерлерінің ерекше еңбегі арнайы номинациялармен марапатталды.

ҚР "Мәдениет қайраткері" Дынмухамет Ұябайдың бай кәсіби тәжірибесі "Қазына" - номинациясысында атап өтілді.

Өнердің дамуына қосқан үлесі үшін "Маска" сыйлығы қазақ театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Шолпан Лакаеваға берілді.
Рәсімнің ең қызықты сәті Рүстем Есдәулетов атындағы сыйлықтың лауреатының жариялануы болды.

Өз ісіне шексіз берілгендігі мен адалдығы, қайталанбас шеберлігі мен еңбекқорлығы үшін құрылған бұл жоғары марапатқа орыс театрының актрисасы Марина Соколова ие болды. Салтанатты рәсімде барлығы 23 "Маска" сыйлығы табысталды.
Сонымен қатар, мерекелік марапаттар театрдың Бас директоры Руслан Қайырсыновтың, облыстың кәсіподақ көшбасшыларының және Қазақстан

Театр Қайраткерлері одағының тарапынан табысталды.

     
     
     
     

 

log200.png
© 2024 Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры