БІЗ ЖӘНЕ КИНО

«Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасының аясында түсірілген «Ізгілік жолы» новелласы ағымдағы жылдың 25-ші қаңтарында сағат 12:30 және 21:40-та «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартпақ.

Өткен жылдың желтоқсан айында «Хабар» агенттігі АҚ-ның тапсырысы бойынша Өскемен қаласында «Ізгілік жолы» новелласының түсірілімі өткен болатын. Новелла режиссері – Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жастар труппасының қоюшы-режиссері Абай Дәулетұлы. Сондай-ақ, аталмыш туындыда облыстық драма театрының актерлері басты және эпизодтық рөлдерде бой көрсетті.

Новеллада әлемді жайлаған пандемияның халық өміріне әсері, жақындарының, отандастарының өмірін сақтап қалуға тырысқан жандар әрекеті, санаулы ғана уақыттың қадірі, ең бастысы, достық, ауызбіршілік, бірлік сияқты баға жетпес қасиеттер сипатталады.