Қымбатты достар! Құрметті көрермендер!

Халықаралық театр күні мерекесі құтты болсын!

Театр өнері – қай дәуірде де маңызын жоймай, мәңгі жасайтын мәуелі өнер. Ұлттық өнерді өркендетуде талмай еңбек етіп келе жатқан әріптестерімді, өнер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Театр тарландары өнерлерімен көрермендерін қуантып, ұрпағымызды ұлттық өнермен тәрбиелеу жолындағы игілікті еңбектерінің жемісін көруге шын жүректен тілектеспін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыстар тілеймін!

Мереке құтты болсын достар!

Ізгі тілекпен; Театр директоры Д.Ұябай