Саматов Қанат
Қанат Саматов — 2000 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне (ҚазҰӨУ) С.Қашқабаев атындағы шеберханаға актерлік өнер мамандығына түсіп, 2023 жылы бітірді.
2023 жылдан бері Шығыс Қазақстан драма және оперетта театрының Жастар театрында актер болып жұмыс істейді.
Сахнада орындалған рөлдер:
-
Т.Нұрмағанбетованың «Босағадағы тағзым» драмасындағы Мәкіш
-
У.Шекспирдің «Ақылсызды қолға үйрету» комедиясындағы дөрекі адам (Кертос)
-
Мұхтар Шаханов «Өмір – өзен» музыкалық драмасында
-
Д.Саламаттың балаларға арналған «Қасқыр шөп жей ме?» ертегісіндегі қасқыр
-
М.Мағауиннің «Жармақ» трагикомедиясындағы депутат
-
В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» мелодрамасында сержант Зубов