Skip to content

Шестакова Ольга Ивановна

ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Макияж цехының меңгерушісі

Ольга Ивановна Шестакова 1971 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қызмет етеді.

Ольга Шестакованың әмбебаптығы оның қолынан бәрі келеді – тек парик, макияж және шаш үлгісі ғана емес, сонымен қатар мұрт, сақал, қас, кірпік, пластикалық арнайы эффектілер – әртүрлі пішіндегі тыртықтар, мұрындар мен құлақтар және т.б. Ұжымдағылардың барлығы виртуоз шебердің бай тәжірибесі мен талантына тәнті. Жоғары кәсібилікті айғақтайтын ең күрделі театрлық макияж – портреттік макияж. О.Шестакова бұлардың көбін жасады: Сталиннің, Лениннің, Дзержинскийдің, Ушаковтың, Крупскаяның, Абайдың, М.Әуезовтің, А.Байтұрсыновтың, Қ.Қасеновтің макияжы.

Көп жылғы мінсіз еңбегі үшін Ольга Шестакова бірнеше рет облыстық мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған.

2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.