Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры

АФИША

Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

ТЕАТР - ТІРІ ТАРИХ!

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында кәсіби мереке – Дүниежүзілік театр күніне орай үздік режиссерлер, әртістер мен цех қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

         Жылдың басты оқиғасы - Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «МАСКА» кәсіби сыйлығын табыстау салтанатына өнер ғибадатханасының қызметкерлері, сондай-ақ оның көрермендері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, зиялы қауым жиналды.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов барша қауымды Дүниежүзілік театр күнімен құттықтап, жалпы өнердің ағартушылық және тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.

         - Театр ерекше атмосфераға ие және бізді әдеттегіден бөлек әлемге жетелейді, мәдениет пен тарихқа қол тигізуге мүмкіндік береді, күнделікті өмірде жиі байқамайтын нәрселерді көруге көмектеседі, – деді Нұрболат Қадырұлы. - Бір қуаныштысы, шығысқазақстандықтар театрға қуана-қуана барады. Театр әлі тірі, оның риза, сезімтал және талантты көрермені бар!

         А.П. Чеховтың шығармалары негізінде «От Антоши Чехонте до Чехова» қойылымы және Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығы туралы «Өмір-өзен» музыкалық қойылымы «Үздік спектакль» деп танылды.

         Алғаш рет «МАСКА» сыйлығымен моноспектакльдердің актерлері Михаил Иванов («Почему люди не..?») және Мирас Разханов («Тегімді менің сұрама»), сондай-ақ,  театр өнеріне сіңірген еңбектері үшін режиссерлердің ассистенттері Нұрсұлу Мукузинова мен Бибат Отарбаева марапатталды.

         Жалпы «Маска» сыйлығының лауреаттары қатарында қазақ, орыс және жастар труппасының 20 қызметкері болды.  

         Ал «Ертіс концерт» КМҚК-ның солистерінің орындауындағы әндер мерекенің сәніне айналды.

 

 

 

 

 

 

log200.png
© 2024 Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры