ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ XXV МАУСЫМЫ
ШОҚТЫҒЫ БИІК ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ XXV МАУСЫМЫ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 20 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ ӨТЕТІНІН ХАБАРЛАЙМЫЗ
Өр Алтайдың төріндегі Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, шоқтығы биік Қазақ театрының XXV маусымы ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні өтетінін хабарлаймыз.
Театр маусымының ашылуында Қолғанат Мұраттың “ЗҰЛМАТ” драмасын патша көңіл көрермен назарына ұсынбақ ниетте. Қойылымның қоюшы-режиссері осы уақытқа дейін шығысқазақстандық көрерменге “ӨМІР-ӨЗЕН”, “А.Л.Ж.И.Р.” қоиылымдарының режиссері ретінде танылған Абай Дәулетұлы.
Аз тартпады қазағым, тағдырдың зұлмат азабын. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының басынан небір қиыншылық пен зұлматты жылдар өткендігі тарихтан белгілі. Бұл жылдардағы тарихтың әлі де толық ашылмаған тұстары жеткілікті.
Аталмыш қоиылымның негізгі идеясы – әйел тағдыры жайында. Ақ пен қараның, ерлік пен ездіктің, ізгілік пен зұлымдықтың, адалдық пен сатқындықтың майданы, адамзат тағдырында қатар жүретіні белгілі.
Барша БАҚ өкілдерін өмірін өнермен ұштастырған, саф өнерді жандаруда өзіндік орны, 25 жылдық тарихы бар Қазақ театрының мерейтойына, "Зұлмат" қойылымы арқылы қазақ халқының зерттелмеген, ашылмаған тұстарынан сыр шертетін аталмыш шараға ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!