Құрметті ардагерлер, зейнеткерлер және аға буын өкілдері!

 Сіздерді, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұжымы атынан, «1 қазан қарттар күнімен» құттықтаймын!

Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету ата - бабамыздан келе жатқан салт. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, ардагер әкелерімізбен ардақты аналарымызды, ерен еңбектері мен жасап кеткен өмірлік тәжірибелеріне алғыс білдіреміз.

Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мейірімділігі арта берсін демекпін!

Құрметпен,

Театр директоры Д.Ұябай