ТЕАТРДАҒЫ «ҚАЙТА ЖҮКТЕУ»

Жаңа таныстықтың, қарқынды оқу және қызу талқылаудың үш күні.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры шетелдегі орыс театрлары қайраткерлерінің қауымдастығы (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург) ұйымдастырған шығармашылық зертханаға қатысты.

Облыстық драма театры үш жылдан бері Халықаралық серіктестік желісімен тығыз жұмыс істеп келеді, оның мақсаты – мәдени байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу, мамандардың шеберлігін жетілдіру.

Осы уақыт ішінде актерлерге әлемдік интернет-кеңістікте, қауымдастықтың веб-ресурстарында ақпараттық қолдау мүмкіндіктері ашылды.

Сонымен қатар, театр шетелдік әріптестерімен өзара байланыс жасай отырып, жас режиссерлерді шақыра бастады. Театр репертуары Ресей мемлекеттік сахна өнері институтының (РГИСИ) түлектері – Рачи Махатаев (А. Островскийдің «Доходное место» қойылымы) және Тимофей Ткачевтің (Ю. Клавдиевтің "Люди и лисы") сценография және драматургия жағынан қызықты спектакльдермен толықты.

Қауымдастықтың білім беру бағдарламалары өзін кәсіби деңгейде ұстауға, шыңдалуға және труппаларға жаңа білім алуға мүмкіндік берді. Өткен жылы Ресейдегі ең таңдаулы пластика бойынша режиссерлердің бірі Игорь Качаевтың сахналық қозғалыс бойынша үш күндік тренингіне театр актерлері аса зор қызығушылықпен қатысты.

Бұл жолы пандемияға байланысты Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Молдова және Литвадан келген пікірлес жандармен кездесу, диалог және оқыту ZOOM – конференция форматында өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының көркемдік жетекшілері ерекше ойлайтын, құмар жас режиссерлердің жұмыстарын назарға алды. Актерлер РГИСИ кафедрасының доценті, Шешен Республикасының еңбек сіңірген әртісі Дмитрий Кошминнің сахналық сөйлеу бойынша шеберлік сабағынан практикалық тәжірбие алды. Ал облыстық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушілері заманауи драматургия мәселелерін талқылауға қатысып, бірлесе жұмыс атқара алатын авторлармен танысты.

Биылғы қиын жыл көрсетіп отырғандай, өмір театрға жаңа жағдай туғызды, – деп атап өтті ШҚО драма театрының директоры Дінмұхамет Ұябай. – Ең бастысы дәстүрді жоғалтпау, өнердің өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін сақтау. Бірақ, сонымен бірге, актерлерден, шығармашылық және техникалық цехтардың мамандарынан бүгінде икемділік, қайта құру, өз мүмкіндіктері мен дағдыларының көкжиегін кеңейту қажет. Сондықтан да театрға шетелдің орыс театрлары қайраткерлері Қауымдастығының шығармашылық зертханасы сияқты «қайта жүктеу» қажет болды.