Махаббатты сақтаудың соңғы әрекеті

Өскемен қаласының тұрғындары мен қала қонақтары өздерінің отбасылық қатынастарына Михаил Задорновтың нәзік әзілдері арқылы қарауға тырысты. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының кіші сахнасында әйгілі орыс жазушысының пьесасы бойынша «Ва-банк немесе Соңғы әрекет» комедиясы болды.

Жиырма жыл бұрын жазылған пьеса қазіргі заманғы шындыққа негізделеді. Әңгіме ер мен әйел арасындағы қиын қарым-қатынас, адалдық, түсіністік және кешірімділік туралы.

Елена Владимировна мен Андрей Васильевичтің аралары суып, бір-біріне немқұрайлы бола бастайды. Егер «ерлі-зайыптылардың қайығы» бірде «Андрик» үшін 20 мың доллар ұсынған сүйкімді қыз Оксана бейнесінде «дауылмен» айналып өтпесе, бұл бірсарынды өмір одан әрі жалғаса берер ме еді...

«ҚР Мәдениет саласының үздігі» Елена Мищенконың лирикалық музыкалық дизайны, пьесалық комедия көріністері, Андрей Воронин, Варвара Пак, Виктория Корчуганова сынды әртістердің ойыны керемет әсер қалдырды: көрермендер көңілі көтеріліп, күліп, қайғырды.

Режиссер Роман Степенскийдің жылы әрі жарқын комедиясы махаббаттың қайда аяқталатыны және оны қалай сақтау керектігі туралы ойлауға мәжбүр етті.

Сондай-ақ, бүгінгі кеште спектакльдің қоюшы-суретшісі Айбек Самарқанов пен жарық бойынша суретшісі Анатолий Коблов көрерменнің қошеметіне ие болды.

  • 2019 05 13 00001
  • 2019 05 12 00002
  • 2019 05 11 00003
  • 2019 05 12 00004
  • 2019 05 11 00005
  • 2019 05 10 00006
  • 2019 05 11 00007
  • 2019 05 10 00008
  • 2019 05 13 00009
  • 2019 05 10 00010
  • 2019 05 11 00011
  • 2019 05 12 00012
  • 2019 05 12 00013
  • 2019 05 12 00014
  • 2019 05 13 00001
  • 2019 05 12 00002
  • 2019 05 11 00003
  • 2019 05 12 00004
  • 2019 05 11 00005
  • 2019 05 10 00006
  • 2019 05 11 00007
  • 2019 05 10 00008
  • 2019 05 13 00009
  • 2019 05 10 00010
  • 2019 05 11 00011
  • 2019 05 12 00012
  • 2019 05 12 00013
  • 2019 05 12 00014