Бенефис

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық драма театры сахнасында Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі, тамаша әртіс, талантты режиссер және драматург Сергей Астраханцевтің « Мен осы рөлді таңдадым» атты бенефисі өтті.

Сергей Астраханцев 20 жыл бұрын драма актерінің жолын таңдаған. Содан бері облыстық театр сахнасында ол 40-қа жуық жарқыраған рөлдерді ойнады және сахнадағы ерекше комедиялық, қайталанбас ойыны, қарапайымдылығы мен органикасы үшін көпшіліктің сүйіктісіне айналды.

Жас және ересек көрермендер режиссер Сергей Астраханцевтің мейірімді, жарқын қойылымдарын зор ықыласпен қарсы алады. Оның көптеген туындылары, «өміршең», ондаған жылдар бойы театр афишасынан түскен емес! Оның сыры- керек тақырыпты тауып, оны көпшіліктің жүрегіне сіңіп кететіндей етіп жеткізе білуінде.

Сегіз қырлы, бір сырлы Сергей Борисович біздің аймақтың тұрғындарын ғана таң қалдырып жүрген жоқ. Драматургтың пьесалары Қазақстанның басқа театрларында, сондай-ақ Ресейде, Украинада және Беларуссияда қойылады.

Шығармашылық кеш мерекелік театр атмосферасына, құттықтаулар мен жаңалықтарға толы болды. Сергей Астраханцевке ҚР ТҚО төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың атынан Құрмет грамотасы, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы м.а Раушан Нұрмұханованың, театр директоры Дынмухамет Ұябайдың атынан Алғыс хаттар табысталды.

Сергей Борисовичті достары, Шығыс Қазақстанның өнер ұжымдары, атақты орындаушылар құттықтады. Сыйлық ретінде олар керемет өнерлерін көрсетті.

Кеш мерейтой иесінің барлық қырын аша білген «Банный день» драмедиясы көрсетілімімен аяқталды.

  • 2019 05 14 00002
  • 2019 05 14 00001
  • 2019 05 14 00003
  • 2019 05 14 00004
  • 2019 05 14 00005
  • 2019 05 14 00009
  • 2019 05 14 00006
  • 2019 05 14 00008
  • 2019 05 14 00007
  • 2019 05 14 00010
  • 2019 05 14 00002
  • 2019 05 14 00001
  • 2019 05 14 00003
  • 2019 05 14 00004
  • 2019 05 14 00005
  • 2019 05 14 00009
  • 2019 05 14 00006
  • 2019 05 14 00008
  • 2019 05 14 00007
  • 2019 05 14 00010