Челябинскіден шақыру

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының орыс труппасы Челябинскіде (РФ) 2020 жылдың 28 ақпан - 5 наурыз аралығында өтетің «CHELoBEK ТЕАТРА» VIII Халықаралық шағын формалы спектакльдердің театр фестиваль-зертханасына шақырту алды.

Халықаралық фестивальге конкурстық іріктеуден Ю. Тупикинаның «Ба» комедиясы өтті.

Режиссер Роман Степенскийдің жаңашылдығымен пьесаның ішкі сюжеті мүлде басқа сапаға ие болады. Эстрадалық және клоунадалық фрагменттер, әртүрлі музыкалық стильдер, интерактивті және басқа да күтпеген сахналық әрекеттер көрермендер көңілін селт еткізеді, мәңгілік құндылықтар туралы ойлауға мәжбүр етеді.

«Ба» премьерасы 2018 жылдың 9 қарашасында өтті. Бүгінгі таңда бұл ең көрермені көп театр қойылымдарының бірі.

Ресей, Черногория, Германия және Норвегия театрлары «CHELоBEK ТЕАТРА» халықаралық фестиваль-зертханасына қатысатыны белгілі. Қазақстан атынан өнер көрсету М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына (Нұр-Сұлтан) және Шығыс Қазақстан облыстық драма театрына бұйырды.

.