“Еріксіз емші”
1,2 сәуір күндері Жан Батист Мольердің “Еріксіз емші” көшпелі театр стиліндегі комедиясының премьерасы өтті.
Бұл қойылым актерлермен қатар көрермендер үшін де ерекше болғаны анық. Себебі алғаш рет көрермендер спектакльді сахнада отырып тамашалады. Мұндай формат толықтай театрдың атмосферасына енуге мүмкіндік берді.
Спектакльдің қоюшы-режиссері Абай Дәулетұлы көрерменді барынша 16 ғасырға жетелеуге тырысқан. Суретші Айбек Самарқанов жасаған сценография да сол заманның көрінісінен сыр шертіп тұр.
Сенбінің кешінде өнер ордасына жиналған театрсүйер қауым қойылым кейіпкерлерімен бір толқында болып, керемет көңіл-күй, әсерде қалғандары соғылған қошемет, сыңғырлаған күлкілерден байқалды.