ҚУЫРШАҚ ҚҰМАРЛЫҚТАРЫ

30 қараша күні сағат 13.00-де ШҚО драма театрының ресми YouTube арнасында Ф. Кривиннің әңгімелерінің желісі бойынша "Путешествие в страну вещей" атты әдеби-драмалық бейнежобасының үшінші шығарылымының тұсаукесері өтеді.

Өмір иірімінде тік бұрылыстар жасай отырып, біз жақсы позицияға ("Безеу") ұмтыламыз, өзіміздің кір шалмаған беделімізден қорқамыз ("Кешкі шай"), өскелең ұрпақтың моральдық және адамгершілік сипаттарын сынаймыз ("Шам") және Жер бізді айналады деп сенеміз ("Іргетас", "Пеш құбыры"). Бірақ барлық аталған жағдайларда, өкінішке орай, біз қателесеміз.

Шеберлік танытқан Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлерінің көмегімен "Путешествие в страну вещей" жобасының үшінші шығарылымында Феликс КРИВИННІҢ әңгімелері, әрқайсымыздың ғаламдағы рөліміз бен орнымызды түсінудің жаңа деңгейіне алып келгендей.

Жобаның авторы және режиссері Дина ЕПИМАХОВА мен Екатерина ЕМЕЛЬЯНОВА көлеңкелі театрдың элементтерін баяндаушылар мен жалпақ фигуралар арқылы «Біз - тек қуыршақпыз!» деген ойды жеткізбек болды.

Ал тәжірибелі қуыршақ ойнатушылар рөлінде шебер-актерлер Вадим ЯСТРЕБОВ пен Алексей ЕГОРОВ. Олар барлық әңгімелерді тізбектей баяндау арқылы, шығарылымға логикалық рет пен тұтастық береді.

Алманың (актриса Татьяна ВОРОНИНА), су шүмегінің («ҚР Мәдениет саласының үздігі» Владимир МУРАВИЦКИЙ), отын жарғыш балта (актер Евгений ПЯТОВ), қарындаш пен сағыздың (актриса Наталья СНЕГИРЕВА) қандай ортақ тұсы бар? Олардың барлықтарына бүлдіргіш, тоқтаусыз, жойқын құмарлықтар тән.

Ал біздің жағдайымызда, «қуыршақ ойнатушы» - бұл Жаратушы, ол бізді өз ортамыз – басшылық, достар, отбасы арқылы немесе «Менмендікті», «Сезімді», «Жан толғанысын» сынау арқылы басқарады.

Сіздерді, 2020 жылдың күз мезгілінің соңғы күнінде тұсаукесері өтетін "Путешествие в страну вещей" жобасының үшінші шығарылымын тамашалау кезінде өмірдің мәні туралы ойлануға шақырамыз.