Жасай бер, театр!

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының орыс труппасы ұжымын Өскемен қаласының әкімшілігі 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бұл мерейтой – тек театр ұжымына ғана емес, барша көрермендерге, өнерді бағалаушыларға ортақ.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Эльдар Төлеубеков құттықтау сөзінде театрдың әрбіреуіміздің өмірімізден алатын маңызды рөлін атап өтті.

Өздеріңіздің өнерге, қасиетті шаңыраққа деген шынайы қызметтеріңізбен сіздер көрермен махаббатына лайықсыздар. Сіздердің шығармашылықтарыңыз – біздің мақтанышымыз! – деді ол.

Өскемен қаласының әкімі атынан Эльдар Төлеубеков труппаның көркемдік жетекшісі Роман Степенскийге құттықтау хатын табыстап, ұжымға шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі.

Труппаның көркемдік жетекшісі Роман Степенский өз кезегінде қала әкімшілігіне алғысын білдірсе, ҚР «Мәдениет қайраткері» Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Дынмухамет Ұябай Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мырзаға театр ұжымы атынан алғыс білдіріп, эпидемиологиялық ахуал тұрақталған жағдайда, кезекті театр маусымының ашылуы кезінде өтетін мерейтойлық кешке шақырды.